Ұланғасыр Қами Биле Text

Ұланғасыр Қами Биле Text/Lyrics

Еріксіз билетер махаббат шіркін солай,
Өзіңдей сұлуды қарату кімге оңай?
Жүректі жаулаған ғажайыпсың өзің,
Тілдесеміз, үндесеміз жаным қалай?

Менімен бірге биле,
Керемет көңіл-күйде,
Ғашық боп қалды жүрек,
Асықпа жаным үйге.

Қылығың тәтті балдай,
Қызғалдақ қызсың қандай?
Өзіңді қалдым сүйіп,
Көзімді қалдым алмай.

Шарасыз күйдірер махаббат шіркін шоқтай,
Өзіңдей қылықты перизат мүлде жоқтай,
Жүректі жаулаған ғажайыпсың өзің
Жұлдызымсың, жарқыраған жаным оттай

Ұланғасыр Қами Биле
close